Дене зат: Зат — Уикипедия – Конспекты» Дене. Зат» қоршаған орта 3 сынып

Зат — Уикипедия

Зат – 1) жаратылыстануда – негізгі физикалық ұғым. Зат тыныштық массасы мен кеңістікте шектелген пішімі бар бөлшекті нысандардың (атом, молекула, ион, денелер) жиынтығын білдіреді. Дене мен затбөлшектері ауыспалы жылдамдықпен қозғалып, ал өріс (мезондықтан басқасы) вакуумдегі жарық жылдамдығымен бірдей тарайды. Элементар бөлшектер (электрон, протон, нейтрон, т.б.) дәрежесінде затпен өрістің айырмашылықтары шартты болады. Зат бөлшектерінің өзі белгілі бір өрістердің кванттарына айналады да, өзінің таза дискреттік сипатын жоғалтады, ал өріс болса үздіксіз болудан қалып, өзінің кванттары – дискреттік құрылымын құрайды. Бұл затпен өріс бірлігінің көрінісін және олардың арасында қатал шектеудің болмайтынын көрсетеді. Сонымен бірге, белгілі жағдайға байланысты затпен өріс өзара бір-біріне (өрістен затбөлшектері пайда болып немесе керісінше) ауысып отыруы мүмкін. Өйткені олардың қасиеттері бір-бірімен өзара тығыз байланысты, себептес болып келеді;

2) философияда

– салыстырмалы түрде басқа нәрседен тәуелсіз, орнықты жеке бір нәрсе, дене, адам іс-әрекетінің құралы. Философияда зат ұзақ уақыт бойы өзінің қарапайым мағынасында, тек объективті дене есебіндегі қасиеттерімен бірге ғана қарастырылып келді. Дүниені осындай жеке заттардың, нәрселердің жиынтығы есебінде қарастыру философияда 19 ғ. басына дейін орын алған болатын. Философия тарихында затұғымына ерекше мән бере талдау неміс философы И.Канттан басталған. Ол өз ілімінде “өзіндік затты”, яғни өздігінен өмір сүретін затты біздің қабылдауымыздағы затқа басқаша айтқанда, “біздің затқа” қарама-қарсы қойып қарастырады да, оларды бір-бірінен мүлде алшақтатып, адамзат танымының мүмкіндігін қабылдаудағы затпен шектеп, “өзіндік затты” танып-білуге болмайды деп тұжырымдайды. Қазіргі философияда затұғымы күрделі мағынаға ие. Зат жай ғана әлдебір қарапайым нәрсе емес, ол көп өлшемді. Өйткені әр түрлі басқа заттарға қатынасында, адамның жан-жақты шығарм. іс-әрекетінде (экономикалық, техникалық, коммуникативтік және т.б.) әр түрлі қасиеттерімен, сапаларымен айшықталады. Сондықтан затты тек қана бір жағынан қарастыру, оның физ.-хим., яғни табиғи қасиеттерімен ғана шектелу абстрактылық түсінікке соқтырады. Затты толыққанды түсіну үшін оны адамға, адамның мұқтаждары мен мақсат-мұраттарына, талғамдары мен құндылықтарына байланыстыра қарастыру қажет. мысалы, орманда өсіп тұрған ағаш, үй тұрғызғандағы құрылысшының қолданған ағашы, балтаның не балғаның ағаш сабы не суреттегі көркемдеп салынған ағаштың бейнесі – бәрі де бір затболып көрінгенімен, олар бір-бірінен мәнді айырмашылығы бар әр түрлі заттар санатына жатады, әр түрлі қызмет атқарып, әр түрлі пішінде өмір сүреді. Сондықтан затты берілген бір ғана түрде қабылдаумен шектелмей, оны қалыптасуы мен дамуы, адамның әмбебап іс-әрекетіндегі атқаратын көптүрлі қызмет аясында алып қарастыру қажет;

3) құқықта – мүліктік құқық қарым-қатынасындағы негізгі нысан. Азаматтық құқықта зат әрқилы негіздемелер бойынша жіктеледі:[1]

  1. өндіріс құрал-жабдықтары
  2. тұтыну заттары
  3. біртекті заттар және дара заттар,
  4. бөлінетін заттар және бөлінбейтін заттар, т.с.с.

Біртекті заттар барлығы үшін ортақ қасиеттерімен сипатталады да, мөлшері санмен, салмақпен, т.б. өлшемдермен айқындалады. Оларды бір-бірімен алмастыруға болады, жоғалуы, жойылып кетуі де мүмкін, әдетте, мұның өзі борышкерді затты несие берушіге қайтару міндетінен босатпайды, өйткені оның “тегі ешқашан өлмейді”. Кейбір келісімшарттардың (мысалы, жалдау шартының, мердігерлік шартының) нысаны тек дара заттар болуы мүмкін.

Бөлінетін заттар оларды бөліске салу барысында өзінің пайдалылық қасиетін жоғалтпайды (мысалы, бір қап ұн), ал бөлінбейтін заттар ондай қасиетін жоғалтып алады (мысалы, автомашина). Мұндай қасиет бір затқа ортақ меншікке қатысушылар үшін оны бөлу кезінде, сондай-ақ, көп тарапты міндеттемелердегі үлестік және ынтымақты жауапкершілік кезінде әрқилы заңдық салдарларға апарып соқтырады.

Заттар, сондай-ақ, негізгі зат және оған қосалқы заттар болып та жіктеледі (мысалы, кілт құлыппен бірге, шаңсорғыш түтікшелермен бірге сатылады). Азаматтық құқықта ақша мен бағалы қағаздар да зат деп танылады. Ақша мен ұсынушыға арналған бағалы қағаздар біртекті, алмастырылатын заттардың бір түрі ретінде қарастырылады. Ақшаның жойылуы борышкерді несие берушіге ақша алған сомасын төлеуден босатпайды.

Заттар, сондай-ақ, ұқсатылатын заттар және ұқсатылмайтын заттар болып та бөлінеді. Ұқсатылатын заттар бірнеше мәрте пайдалану барысында жойылып бітеді немесе мүлдем өзгеріске ұшырайды (мысалы, шикізат), ал ұқсатылмайтын заттар пайдалану кезінде тозады, бірақ недәуір уақыт бойына өзінің бастапқы қасиеттерін жоғалтпайды (машиналар, тұрғын үйлер, жиҺаздар, т.б.). Ұқсатылатын заттар мүліктік жалдау, қайтарымсыз пайдалану келісімшарттарының нысаны бола алмайды, әйтсе де ақшаны жұмсаған борышкер борыш сомасын несие берушіге басқалай ақшамен қайтара алатындықтан қарыз келісімшартының нысаны бола алады. Азаматтық құқықта жер телімдері, жер қойнауы телімдері, оқшауландырылған су нысандары және жермен тығыз байланысты нәрселердің бәрі, яғни міндет-мақсатына орасан зор зиян келтірмей тасымалдау мүмкін емес нысандар, соның ішінде ормандар, көпжылдық екпе ағаштар, үй-жайлар, ғимараттар жылжымайтын заттарға, яғни жылжымайтын мүлікке жатқызылады. Жылжымайтын мүлікке жатпайтын заттар, соның ішінде ақша мен бағалы қағаздар жылжымалы мүлік деп танылады. Жылжымайтын мүлік құқығын тіркеу заңда көрсетілгендерден басқа реттерде талап етілмейді.

[2]

Зат, нәрсе— бойында белгілі бір қасиеттері бар, материалдарды белгілеу үшін күрделі терминдерде қолданылатын түсінік.

Дереккөздер[өңдеу]

  1. ↑ Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6
  2. ↑ «Қазақ Энциклопедиясы»,4 том 3 бөлім

Конспекты» Дене. Зат» қоршаған орта 3 сынып

Жарияланды

 21-12-2013, 18:06 Категориясы: Бастауыш сынып

Дүниетану

Сабақ тақырыбы: Денелер. Заттар
Сабақ мақсаты: оқушылардың табиғи және жасанды денелер мен олардың құрамы туралы, зат туралы, түсіктерін қалыптастыруына ықпал ету; балалардың өткен тақырып бойынша білімдерін тексеру; есте сақтау және ойлау қабілеттерін арттыру; тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақ типі: жаңа сабақ
Сабақ әдісі: интербелсенді тақта, электрондық оқулық, салыстыру, талдау, сұрақ — жауап
Көрнекілік: суреттер, кесте
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезең Психологиялық дайындық
Бүгін қай күн? Сәрсенбі —————— Қайырлы күн, балалар

Ертең қай күн? Бейсенбі —————- Қайырлы күн, мұғалімдер
Оят онда Сәрсенді ———————— Тыныш болып түніміз
Оят онда Бейсенді ———————— Ашық болып күніміз
Сабағынан қалмасын ——————— Сәттілікке толсын — ай

Топ басшыларына бағалау парағын тарату
2. Үй тапсырмасын тексеру
«Әр суретті өз орнына қой» ойынын ойнау. (Интербелсенді тақтада слайд )
Бәріміз тақтаға қарайық. Әр суреттің орнын тапсаң, артынан құпия сөз шығады. Ол үшін үй тапсырмасы бойынша мына сұрақтарға жауап берулерің керек.
1. Температураны немен өлшейді? Оның түрлерін ата (суреттерін көрсету)
2. Ауа, су, топырақ температурасының тіршілік иелері үшін қандай маңызы бар?

3. Дені сау адамның қалыпты температурасы қандай болу керек?
4. Ауа райын білу не үшін керек?
5. Ауа — райын болжайтын қандай жәндіктерді білесіңдер?
(Көл, аққу, балық, құс, ағаш, инелік суреттері және рет сандары бар буындар болады.) Суреттерді орнына жылжыту арқылы құпия сөз шығады. Оларды ретімен орналастыр.)
Денелер мен заттар деген сөз шығады. Ендеше бүгінгі сабағымыз денелер мен заттар жайында болмақ.
Тақтаға назар аудару. Суретке қарап не айтуға болады? Табиғат көрінісі. Осы суреттердің қайсысы артық? Көл
Неге? Өйткені ол өлі табиғат. Сонымен тірі, өлі табиғат дегеніміз не екен? Ал осылардың бәрін бір сөзбен дене дейміз.
Ал сендер дене дегенді қалай түсінесіңдер?

3. Жаңа сабақ
Дене деген сөздің басқа да мағынасы бар екен. Бәріміз тақтаға қарап, дененің не екендігін түсініп алайық. ( электрондық оқулық арқылы тыңдау)
Не түсіндік? Дене деген не? Оның қандай түрлері бар екен? Зат деген не?
Осы сыныптың ішінде дене бар ма?

4. Оқулықпен жұмыс.
1 топ: 30 беттегі 1 — абзацты оқу. Денелер табиғи және жасанды дене екендігі жайлы оқиды. Суреттерін ажырату.
Тақтамен жұмыс Электрондық оқулықтан табиғи, жасанды денелерді ажырату
2 — топ: Денелер қатты, сұйық, газ тәріздес болады. Үстелдің үстіндегі тас, целлофандағы ауа, стақандағы суды көрсетіп қайсысына жататындығын айту.
3 — топ: Дене заттардан тұрады. Үстелдің үстіне 2 сызғыш ( ағаш, пластмасса), 1 қант, стақандағы су, өсімдік, ауа. Өсімдіктің құрамы күрделі.(су, крахмал, қант және басқа заттар бар. Адамдар мен жануарлар да әр түрлі заттардан тұрады. Кітап пен дәптер, қаламды дәлелдеу.

4 — топ: Сен білесің бе? айдары бойынша (балаларға қосымша карточка тарату)
Қайсы дене? Қайсы зат? Ажырат. Үстелдің үстіне сабын қою.
Сабын неден жасалған? Ерте кезде қазақ халқы қара сабынды алабота деген өсімдікті өртеп, малдың сүйектерін өртеп, өсімдіктің күлін және сүйектің майын қосып жасаған. Жасалған нәрсе түнімен тұрған. Сабынның мынадай пайдасы бар:
Егер жара шықса сол жерді сабынмен жуу керек. Иіс сабыннан гөрі кір сабынды пайдаланған дұрыс екен.
3 минут уақыт беру. Топтың жауаптарын тыңдау.
Енді біраз шаршаған шығармыз, сергіп дем алайық.

6. Сергіту сәті. « Бақытты баламыз» әнімен
Елді сүйген баламыз, —————— Біз талапты баламыз,
Білімнен нұр шашамыз. ————— Оқып — білім аламыз.
Әлкей, Қаныш атадай, —————- Заттар сырын ұғынып
Көп жаңалық ашамыз. —————- Ажырата аламыз.

7. Топтық жұмыс ( музыка)
1 — топ: Жасанды денелерді пайдаланып, бүгінгі тақырыпқа сай әңгіме құра.
2 — топ: Берілген өлеңнің ұйқасын тап. ( тақтаға шығарып қою)
Дене деген немене? ———————Бізді қоршап тұрған
Достым білгің ………… ме? —————Өлі, тірі……………
Дене ………… баласы ——————-Дене неден тұрса
Зат …………. анасы ———————-Дейміз оны ……………….
Керекті сөздер: келе, заттың, дененің, табиғат, зат.
3 — топ: Мына заттарды пайдаланып не құрастыруға болады? ( шырпы, ермексаз, скрепка, қағаз, кубик, қағаз, трубочка, )
4 — топ: Жұмбақ құрастыру. Сендер бір денені ойлап, сол дененің атынан сөйлейсіңдер. Ол қандай заттардан тұратынын жұмбақтап айтасыңдар. Мен құмнан жасаламын. Әрбір үйде боламын. Мен болмасам үйдің іші қараңғы болады. Мен қай денемін?

8. Қорытынды.
Ал, балалар бүгін сабақта не үйренгендеріңді тексеріп көрейін. Бәріміз тақтаға назар аударайық.( Электрондық оқулықтан тапсырма орындау)
• Тапсырма: Денелер қандай заттардан тұрады? Жаңбыр судан,
• Тапсырма: Денелер қандай заттардан тұрады? Ұшақ металлдан
• Тапсырма: Не неден жасалады? Ауызша
• Логикалық тапсырма. Алабота мен шырпының суретін көрсету. Қандай байланысы бар?
( шырпымен алаботаны өртеп сабын жасайды)

9. Бүгін сабақта не білдіңдер? Не үйрендіңдер? (балалар өз ойларын айтады.)
10. Топ басшылары бағалайды.
11. Балалар осымен сабақ аяқталды. Үйге тапсырма: Бір дененің жасалу жолын қарастыру. Адамдарға дененің қандай заттан тұратындығын білу не үшін керек? Сұраққа жауап іздеу.

Физикалық дене. Зат. Масса

«Бекітемін»Оқу ісінің меңгерушісі: Б.Жоланов

Күні: 5.11.2018 жМектеп: №221 негізгі орта мектебі
Сабақ: ЖаратылыстануМұғалімнің аты-жөні: Айтөреева Ақмарал
Сынып: 5Қатысқандар саны: 12Қатыспағандар саны: —
Сабақтың тақырыбы:Физикалық дене. Зат. Масса
Оқу мақсаты5.3.1.1. Бөлшектердің сұйық және газтектес заттардың таралуын түсіндіру
Сабақтың мақсаттарыБарлық оқушылар: Заттардың сұйық және газтектес таралуын білу
Оқушылардың басым бөлігі: Физикалық дене және масса, заттарды ажырату
Кейбір оқушылар: Тәжірибе жүргізу барысында қауіпсіздік ережесін қатаң сақтау
Бағалау критерийлері1. Заттардың сұйық және газтектес таралуымен танысады2. Физикалық дене және масса, заттарды ажыратады 3. Тәжірибе жүргізу барысында қауіпсіздік ережесін қатаң сақтайды

Тілдік мақсат

Негізгі сөздер мен тіркестер (пәнге арналған сөздік және терминология):Зат, масса, тәжірибе,беткі керіліс т.б
Құндылықтарға баулу
  • Патриоттық және азаматтық позиция достық қарым-қатынасты қалыптастыру
  • Пәнаралық байланысДүниетану
    Алдыңғы білім3-сынып Дүниетану
    Сабақ барысы
    Сабақтың жоспарланған кезеңдеріСабақтағы жоспарланған жаттығу түрлеріРесурстар
    Сабақтың басы

    Сабақтың ортасы

    Сабақтың соңы

    Ұйымдастыру: СәлемдесуЫнтымақтастық ахуалын туғызу Суреттерге қарап нақыл сөздер, мақал, тілек, теңеулер айтуға болады.Үй тапсырмасын тексеру «Мен таңдаймын»Тақтада бірнеше суреттер тұрады, таңдаған суретте 2 сұрақ жасырулы 1-еуі қиын, 1-еуі оңай сұрақ жауап береді.
  • Экватордың ұзындығы?
  • Масштаб дегеніміз не?
  • Жердің ішкі құрылымы неше қабаттан тұрады, атаңыз?
  • Адамзат қауымдастығы дегеніміз не?
  • Этнос дегеніміз не?
  • Орбита дегеніміз не?
  • Күн мен Жердің орташа арақашықтығы?
  • Экватор дегенімз не?
  • Суретпен жұмысТаңдаған суреттерінен мысалдарын ашыратып, сөйлем құрап бүгінгі жаңа тақырыпты ашады. Жаңа сабақ: Физикалық дене. Зат. МассаТопқа бөліну Сыйға тарту: үй, жүзік, ойыншық, машина, су, таразыны тарату арқылы 3 топқа бөлінеді.Топтық жұмыс1-топ «Физикалық дене» тобы: «Сөйлемді толықтырыңыз»
  • Физикалық дене дегеніміз – ……………………………
  • Мысалы: …………………………………………………………
  • Зат дегеніміз не — …………………………………………….
  • Мысалы: …………………………………………………………
  • Физикалық дененің түрлері …………………………….
  • Заттың түрлері………………………………………………..
  • 2-топ «Зат» тобы: «Сұрақ-жауап» әдісі1. Ежелгі адамдар…….. табиғи заттарды қолданды?2. Адамдар уақыт өте келе …………..алуды үйренді?3. Беткі керіліс дегеніміз не?4. Суаршын ……………….?3-топ «Масса» тобы: «Тәжірибе алаңы»46-сурет: Зат қасиетінің өзгеруі48-сурет: «Қалқыған қағаз қыстырғыш»тәжірибесіБағалау топтар-бір-бірін екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы Жұптық жұмыс: «Сөздікпен жұмыс»Зат; Масса; Тәжірибе Орысша АғылшыншаЖеке жұмыс: «Қалыптастырушы бағалау» 1. қант молекулаларының таралуын түсіндіреді;2. сұйық бөлшекті көрсетеді; 3. газ бөлшекті көрсетеді.

    Үйге тапсырма:

  • Физикалық дене. Зат. Масса;
  • 1 мысалдан келтіріп 3 тілде аударып келу;
  • Рефлексия: Кемшілік + Жетістік кестесі

    Сабақтың тақырыбы __________________________________

    Суреттер

    Интернет желісі Білімділер порталы

    Оқулық

    Стейкер

    Оқулық

    Смайлик-тер

    Саралау

  • Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз
  • Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

    Денсаулық және қауіпсіз техникасының сақталуы

    Топтық жұмыс арқылы бірлесе жұмыс жасауды ұйымдастырамынТоптық жұмыс: «Сөйлемді толықтыру» ; «Тәжірибе алаңы»; «Сұрақ-жауап»;Жұптық жұмыс: Сөздікпен жұмысЖеке жұмыс: «Қалыптастырушы бағалау» тапсырмасы бойынша жеңілден күрделіге әдісін пайдаланамын1. Смайликпен бағалау 2. Екі жұлдыз, бір тілек 3. Критерий арқылы бағалау Қауіпсіздік ережесін есте сақтау;Бөлме тазалығы және бөлмені желдету
    Сабақ бойынша рефлексияБұл тарауда сабақ туралы рефлекция жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз
    Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?

    Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

    Жеке жұмыс барысында барлық оқушылар оқу мақсатына лайық алынған тапсырмалар бойынша жұмыс жасалды. Топтық жұмыс барысында бірлесе жұмыс жасаған нәтижесінде мақсатқа қол жеткіздім. Қалыптастырушы бағалау арқылы саралау жақсы жүргізілді деп ойлаймын.

    Жоспар бойынша берілген әрекеттерді берілген уақыт ішінде орындап, сабақ уақытында аяқталды. Сабақ жоспары бойынша жүрггізілді.

    Жалпы бағалау
    Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?1. 2. Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?1. 2.

    Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?

    Сабақ: ХимияМектеп: Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебі
    Күні: . IV. 2017жылМұғалімнің аты-жөні: Айтөреева Ақмарал
    Сынып: 8Қатысқандар саны: 8Қатыспағандар саны: —
    Сабақтың тақырыбы:Хлордың физикалық және химиялық қасиеттері мен қолданылуы
    Сабақ негізделген оқу мақсаты1. Хлордың периодтық жүйедегі орнын сипаттау2. Хлордың физикалық және химиялық қасиеттерін бір-бірінен ажырату
    Сабақтың мақсаттарыБарлық оқушылар істей алады: 1. Хлордың периодтық жүйедегі орнын айтады
    2. Хлордың физикалық және химиялық қасиеттерін бір-бірінен айырмашылығын анықтайды
    Оқушылардың көпшілігі істей алады:
    Хлордың табиғатта таралуын, қолданылуын біледі
    Кейбір оқушылар істей алады:
    Тұз қышқылы және хлорлылау қышқылын түзілетінін жазады
    Бағалау критерийлері1.
    Пәнаралық байланыс2.

    Тілдік мақсат

    Оқушылар:Не істей алады? Хлордың периодтық жүйедегі орнын , атомдық құрылысын айта алады.
    Негізгі сөздер мен тіркестер (пәнге арналған сөздік және терминология):
    Тас тұз дегеніміз – сусыз кристалданатын NaCL, түссіз, иондық торлы кристалдық затХлорлы су -200 С температурада 1 көлем суда хлордың 2,5 көлемі ериді
    Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер
    Талқылауға арналған сұрақтар:
  • Хлордың периодтық жүйедегі орны?
  • Хлордың физикалық қасиеттері?
  • Сіз неліктен … екенін айта аласыз ба?
  • Неліктен хлорлы су деп аталған?
  • Неліктен тас тұзы деген атпен белгілі?
  • Құндылықтарды дарытуЫнтымақтастық, еркіндік, жауапкершілік
    Пәнаралық байлааныстар
    АКТ қолдану дағдыларыҒаламшар желісі, Инфоурок сайттары, Химик анықтамалығы
    Алдыңғы оқуХлордың периодтық жүйедегі орнын, атомдық, графикалық формуласын таниды. Тұрмыстық жағдайда пайдаланатынын біледі
    Жоспарды
    Жоспарланған уақытЖоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңызРесурстар

    Сабақтың басы

    Сабақтың ортасы

    Сабақтың соңы

    Кіріспе4 минут

    Бағалау 1 минут

    Топқа бөліну2минут

    Топтық жұмысХимиялық диктант7 минут

    Бағалау1 минут

    Жұптық жұмыс 10 минут

    Жеке жұмысСәйкесін тап!

    10 минут

    Қорытынды«Лотерея сыйлығы»

    6 минут

    Кері байланысИдеял тапсырмасы

    Үй тапсырмасын сұрау

    Бағалау парағы

    Мұғалімнің сөзі. Ынтамақтастық ахуалын туғызу. Д. И.Менделеев кестесіндегі таңдаған элементке байланысты теңеу немесе тілек айту. Мысалы: темірдей мықтымын, себебі тапсырмаларды жақсы орындайтыныма сенемін.

  • Хлордың физикалық және химиялық қасиеттерінің мазмұны арқылы 2 топқа бөлінеді
  • Топтық жұмыс: Блум таксономиясы Критерий арқылы топтар өз-өздерін бағалайды Бағалау шкаласы: «12-10» *3; «12-8» *2; «12-6» *1; «12-5» *0;

    Жұптық жұмыс1 жұп Кесте мен жұмыс

    2 жұп Сұрақ-жауап әдісі

    3 жұп Топтастыру әдісі

    4 жұп Ия-жоқ әдісі

    Әр жұп өз-өздерін бағалайды: «Бағдаршам»; «Смайлик»; «Бармақ»; «Критериалды бағалау» арқылы бағалайдыЖеке жұмыс Сәйкесін тап! Бағалау шкаласы: «7-6» *3; «7-5» *2; «7-4» *1; «7-3» *0; Көшбасшылық тапсырма: Қазақстан картасы мен жұмысҚазақстан картасынан құрамында натрий бар минералды тұздарды өндіретін ең басты облыстарды көрсетіңіз

    «Лотерея сыйлығы» Сабақ қорытындысы бойынша көшбасшылық танытқан оқушыларға айрықша тапсырмалар беріледі: Машина сыйлық: Массасы 9,2 г натрийдің кесегі сумен түгелдей реакцияға түсті. Нәтижесінде неше грамм натрий гидроксиді түзіледі?Смартфон сыйлық: Натрий хлоридіндегі натрийдің массалық үлесін (%) есептеңдер«Тазалық әдісі» Натрийдің физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуыНатрийдің алыну мен химиялық қасиетіне 5 мысалдан реакция жазып келу

    Қосымша ақпаратСабақ бойынша қандай ақпарат бере аласыз?Натрийдың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы жайлы түсінік қалыптастырып сабаққа ендіремінНатрийдың ашылуын, тарихын әңгімелеймін
    Саралау –Оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? — Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Топтық жұмыс: Химиялық диктантЖұптық жұмыс: Кесте мен жұмыс Топтастыру әдісі Сұрақ-жауап әдісі Ия-жоқ әдісіЖеке жұмыс: Сәйкесін тап!Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?Әр тапсырманы бағалау критерийіне байланысты құрылған дескриптор арқылы бір-бірін және бағалау парақшасы арқылы өздерін -өздері бағалатамынБағалау парақшасы арқылы қорытынды баға шығарыладыДенсаулық және қауіпсіз техникасының сақталуыНатрий мен жұмыс істегенде қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтау қажет: оны қолмен ұстауға болмайды, күйдіреді
    РефлексияТөмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.
    — Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?- Бүгін оқушылар не білді?- Сыныптағы ахуал қандай болды?- Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?- Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? — Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?Оқу мақсаты SMART мақсат негізінде қойылдыНатрийдің қасиеттерін, алынуын, таралуын білдіОқушылар ынтымақтаса жұмыс жасадыСаралау жоспары тиімді болды

    Кері байланыс жасап үлгермедімОқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп жұмыс жүргізу қажет

    Қорытынды бағамдау
    Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?1. Топтық жұмыс тиімді болды оқушылар толық қамтылды2. Жұптық жұмыста «көпіршелер » орнап жұмыс тиімді болдыҚандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?1. Жеке жұмыс бүгін оқушылардың алған білімін нақты көрсетті2. Жұптық жұмыс төмен деңгейлі оқушының алға жылжуына ықпал ететінін аңғардымСабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?Сабақ барысында топтық, жұптық жұмыстар оқушылар арасында тиімді «көпіршілер» тұрғызатынын байқадым

    Физикалық дене, зат, салмақ, жер ғаламшары, географиядан сайыс сабақ жоспары

    «Физикалық дене. Зат. Салмақ»
    Сабақтың мақсаты:
    Білімділігі: жер ғаламшары тарауы бойынша алған білімдерін қорытындылау, жинақтау, материалды меңгеру дәрежесін тексеру. Жаңа тақырып бойынша физикалық дене, зат, салмақ ұғымдарын түсіндіру.
    Дамытушылығы: оқушылардың топпен жұмыс істеу қабілетін арттыру, есте сақтау дағдыларын дамытып, өтілген материалды жүйелей білуге баулу.
    Тәрбиелік: тапқырлыққа, белсенділікке, жауапкершілікке тәрбиелеу.
    Көрнекіліктер: дүние жүзінің физикалық картасы, глобус, атлас, слайдтар.
    Сабақтың түрі: қайталау, жинақтау сабағы және жаңа сабақ.
    Сабақтың типі: сайыс сабағы және жаңа ұғымды меңгерту.
    Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, ауызша әңгімелеу, сұрақ — жауап.

    Сабақтың барысы:
    1. Ұйымдастыру.
    Сынып оқушылары 2 топқа бөлінеді, әр топтың топ басшылары бар. Олар оқушылардың білімін бағалайды. Топтарға бағалау парағы таратылады.
    Балалар, бүгін біз «Жер ғаламшары» тарауы бойынша алған білімімізді жүйелеп, қорытындылау мақсатында сайыс түрінде өткізгелі отырмыз, сонымен қатар біз жаңа тараудың тақырыбымен танысамыз.
    І кезең: «Даярлық байқауы» (Ой қозғау).
    ІІ кезең: «Тез жауап».
    ІІІ кезең: «Географиялық лото».
    IV кезең: Жаңа сабақ түсіндіру.
    V кезең: Сабақты бекіту.

    І кезең: Даярлық байқауы. Оқушылардың сайысқа дайындығына және жинақылығына зер салу үшін ой қозғау сәті. Әр топқа жұмбақтар интерактивті тақтадан көрсетіледі.
    І — топ
    1) Дүниеде бір қарбыз бар солмайтұғын,
    Жаз шіріп, қыста үсіп тоңбайтұғын.
    Жаһанның жерін, суын, жәндіктерін
    Іші кең, бәрін салса толмайтұғын. (Жер, аспан)
    2) Үлкен — үлкен түйені,
    Тастапты адам шөгеріп.
    Өркеші бұлтқа тиеді,
    Бауыры жатыр көгеріп. (Тау)
    ІІ — топ
    1) Тұрғыны жоқ елдер
    Үйі жоқ қалалар
    Ағашы жоқ ормандар
    Суы жоқ теңіздер.
    Бұл не? (Географиялық карта)
    2) Бар ма, жоқ па
    Оны анық білмейсің
    Ол жоқ жерде
    Өмір сүріп жүрмейсің. (Ауа)

    ІІ кезең. «Тез жауап».
    1 — топ.
    1) Жер нешінші ғаламшар? (3)
    2) Жер Күнді межеленген уақытта толық айналып өтуін не дейміз? (жыл)
    3) Құрлықтың жан — жағын мұхиттар мен теңіздер қоршап жатқан ірі бөлікті не деп атайды? (материк)
    4) Жер бетінің қанша пайызы су? (71%)
    5) Ең алғашқы өте дәлдікпен берілген карта XVI ғ. басында қайда жасалды? (Еуропада)
    6) Жер шарында қанша мұхит бар? (4)
    7) Жердің ішкі құрылымын ата. (ядро, мантия, жер қыртысы)
    8) Жердің қатты қабаты? (литосфера)
    9) Емдік сулардың шығып жатқан жері? (арасан)
    10) Тынық мұхиттың ең терең жері? (Мариан шұңғымасы)
    11) Жер бетінің құнарлы қабаты? (топырақ)
    12) Табиғи жолмен жасалған арна арқылы ағатын су? (өзен)
    13) Өзеннің басталар жерінен құяр жеріне дейінгі аралықты не дейді? (өзеннің алабы)
    14) Жердің ауа қабаты? (атмосфера)
    15) Белгілі бір аймақтағы ұзақ жылдар бойы қайталанатын атмосфераның төменгі қабатының жағдайын не дейміз? (климат).

    2 — топ.
    1) Жер шарының кішірейтілген моделі? (глобус)
    2) Жердің табиғи серігі? (Ай)
    3) Материктердің аралығында орналасқан үлкен сулы алқаптарды не дейміз? (мұхиттар)
    4) Жер бетінің қанша пайызы құрлық? (29%)
    5) Картада көгілдір түспен не бейнеленген? (Су)
    6) Жер шарында қанша материк бар? (6)
    7) Тау жыныстарының негізгі үш типін ата. (Магмалық, шөгінді, метаморфты)
    8) Жердің су қабығы? (гидросфера)
    9) Су табиғатта неше күйде кездеседі? (3)
    10) Дүние жүзілік мұхиттың бөліктері? (теңіз, шығанақ, бұғаз)
    11) Топырақтану ғылымының негізін салушы орыстың жаратылыстанушысы? (В. В. Докучаев)
    12) Өзеннің құяр жері не деп аталады? (өзеннің сағасы)
    13) Үнді мұхиттың ең терең жері? (Зонд шұңғымасы)
    14) Ауа қандай газдардың қосындысы? (Оттегі, азот, көмірқышқыл, аргон)
    15) Белгілі бір жердегі тәулік ішінде болатын атмосфераның төменгі қабатының жағдайы не деп аталады? (Ауа — райы).

    ІІІ кезең: «Географиялық лото». Әрбір топ слайд бойынша көрсетілген суреттің атауын тауып, картадан көрсетуі керек.
    І топ:
    1) Дүние жүзіндегі ең ыстық материк? (Африка)
    2) Дүние жүзіндегі ең үлкен материк? (Еуразия)
    3) Дүние жүзіндегі ең кіші және құрғақ материк? (Австралия)
    4) Дүние жүзіндегі ең ылғалды және жасыл материк? (Оңтүстік Америка)
    5) Жер бетіндегі ауданы жағынан ең үлкен арал? (Гренландия)
    ІІ топ:
    1) Мұз жамылған материк? (Антарктида)
    2) Ең ұзын мұхит? (Атлант)
    3) Ең үлкен және ең терең мұхит? (Тынық)
    4) Жер бетіндегі ауданы жағынан ең үлкен көл? (Каспий)
    5) Ең ұзын өзен? (Ніл)

    IV кезең: Жаңа сабақ түсіндіру.
    Жаңа тақырып: «Физикалық дене. Зат. Салмақ».
    Табиғаттағы заттар қандай күйде кездеседі? Мысал келтіріңдер.
    Физикалық дене дегеніміз – бізді қоршаған заттар ( машина, үй, жиһаз, ойыншықтар, т. б.).
    Зат дегеніміз – физикалық дененің құрамдас бөліктері ( оттегі, ауа, су, т. б.)
    Сұйықтың молекулалары бір — біріне тартылып тұрады, яғни сұйықтың қабығы бар тәрізді болады, мұндай байланысты беттік керіліс деп атайды.
    Кез — келген физикалық дененің құрамында белгілі бір мөлшердегі заттар және олардың өзіндік салмағы болады. Салмақты негізінен таразымен өлшейді, масса бірлігіне килограмм (кг) пайдаланылады.

    V кезең: Сабақты бекіту.
    1. Физикалық дене дегеніміз не?
    2. Зат дегеніміз не?
    3. Салмақтың өлшем бірлігі?
    Қорытындылау: Әр топтың қорытынды ұпай санын шығарып, бағаланады. Топтағы белсенділік танытқан оқушыларды атап өтіледі.

    «Физикалық дене. Зат. Салмақ»

    1. Ұйымдастыру.
    Сынып оқушылары 3 топқа бөлінеді, әр топтың топ басшылары бар. Олар оқушылардың білімін бағалайды. Топтарға бағалау парағы таратылады.

    І кезең: Даярлық байқауы. Оқушылардың сайысқа дайындығына және жинақылығына зер салу үшін ой қозғау сәті. Әр топқа жұмбақтар интерактивті тақтадан көрсетіледі.
    І — топ
    1) Дүниеде бір қарбыз бар солмайтұғын,
    Жаз шіріп, қыста үсіп тоңбайтұғын.
    Жаһанның жерін, суын, жәндіктерін
    Іші кең, бәрін салса толмайтұғын. (Жер, аспан)
    2) Үлкен — үлкен түйені,
    Тастапты адам шөгеріп.
    Өркеші бұлтқа тиеді,
    Бауыры жатыр көгеріп. (Тау)
    ІІ — топ
    1) Тұрғыны жоқ елдер
    Үйі жоқ қалалар
    Ағашы жоқ ормандар
    Суы жоқ теңіздер.
    Бұл не? (Географиялық карта)
    2) Бар ма, жоқ па
    Оны анық білмейсің
    Ол жоқ жерде
    Өмір сүріп жүрмейсің. (Ауа)

    ІІ кезең. «Тез жауап».
    1 — топ.
    1) Жер нешінші ғаламшар? (3)
    2) Жер Күнді межеленген уақытта толық айналып өтуін не дейміз? (жыл)
    3) Құрлықтың жан — жағын мұхиттар мен теңіздер қоршап жатқан ірі бөлікті не деп атайды? (материк)
    4) Жер бетінің қанша пайызы су? (71%)
    5) Ең алғашқы өте дәлдікпен берілген карта XVI ғ. басында қайда жасалды? (Еуропада)
    6) Жер шарында қанша мұхит бар? (4)
    7) Жердің ішкі құрылымын ата. (ядро, мантия, жер қыртысы)
    8) Жердің қатты қабаты? (литосфера)
    9) Емдік сулардың шығып жатқан жері? (арасан)
    10) Тынық мұхиттың ең терең жері? (Мариан шұңғымасы)
    ІІ топ

    1) Жер бетінің құнарлы қабаты? (топырақ)
    2) Табиғи жолмен жасалған арна арқылы ағатын су? (өзен)
    3) Өзеннің басталар жерінен құяр жеріне дейінгі аралықты не дейді? (өзеннің алабы)
    4) Жердің ауа қабаты? (атмосфера)
    5) Белгілі бір аймақтағы ұзақ жылдар бойы қайталанатын атмосфераның төменгі қабатының жағдайын не дейміз? (климат).
    6) Жер шарының кішірейтілген моделі? (глобус)
    7) Жердің табиғи серігі? (Ай)
    8) Материктердің аралығында орналасқан үлкен сулы алқаптарды не дейміз? (мұхиттар)
    9) Жер бетінің қанша пайызы құрлық? (29%)
    10) Картада көгілдір түспен не бейнеленген? (Су)

    ІІІ топ
    1) Топырақтану ғылымының негізін салушы орыстың жаратылыстанушысы? (В. В. Докучаев)
    2) Өзеннің құяр жері не деп аталады? (өзеннің сағасы)
    3) Үнді мұхиттың ең терең жері? (Зонд шұңғымасы)
    4) Ауа қандай газдардың қосындысы? (Оттегі, азот, көмірқышқыл, аргон)
    5) Белгілі бір жердегі тәулік ішінде болатын атмосфераның төменгі қабатының жағдайы не деп аталады? (Ауа — райы).

    6) Жер шарында қанша материк бар? (6)
    7) Тау жыныстарының негізгі үш типін ата. (Магмалық, шөгінді, метаморфты)

    8) Жердің су қабығы? (гидросфера)
    9) Су табиғатта неше күйде кездеседі? (3)
    10) Дүние жүзілік мұхиттың бөліктері? (теңіз, шығанақ, бұғаз)


    ІІІ кезең: «Географиялық лото». Әрбір топ бойынша көрсетілген суреттің атауын тауып, картадан көрсетуі керек.
    І топ:
    1) Дүние жүзіндегі ең ыстық материк? (Африка)
    2) Дүние жүзіндегі ең үлкен материк? (Еуразия)
    3) Дүние жүзіндегі ең кіші және құрғақ материк? (Австралия)

    ІІ топ:

    4) Дүние жүзіндегі ең ылғалды және жасыл материк? (Оңтүстік Америка)
    5) Жер бетіндегі ауданы жағынан ең үлкен арал? (Гренландия)
    6) Мұз жамылған материк? (Антарктида)

    ІІІ-топ
    2) Ең ұзын мұхит? (Атлант)
    3) Ең үлкен және ең терең мұхит? (Тынық)
    4) Жер бетіндегі ауданы жағынан ең үлкен көл? (Каспий)
    5) Ең ұзын өзен? (Ніл)


    Физикалық денелер мен заттардың сипаттамасы, диффузия — Әр түрлі — Bilim

    Физикалық денелер мен заттардың сипаттамасы, диффузия

    Шымкент қаласы

    Саттар Ерубаев атындағы №24 мектеп-лицей

    Биология пәні мұғалімі Утешова Гулдана Алимжановна, 

    жоғары санатты

     

    Жаратылыстану  пәні

    Сабақтың тақырыбы: Физикалық денелер мен заттардың сипаттамасы, диффузия                                       

    Сыныбы:  5

    Мақсаты :

    Білімділік: Диффузия ұғымымен таныстыру, заттарды сипаттау, заттардың агрегаттық түрлері, диффузияға тәжірибелер жүргізу.

    Дамытушылық: Оқушыларды шапшаң ойлауға, ойларын қорыта білуге, танымдық қабілеттерін арттыру.

    Тәрбиелік: Өзіне сын көзбен қарай білуге, ұжыммен жұмыс істеуге, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
    Сабақтың түрі: аралас сабақ

    Ресурстар: мультимедиялық пректор, компьютер, плакат, А3, А4, маркерлер, түрлі түсті қағаздар, смайликтер

    Күтілетін нәтиже: оқушылардың білім, білік, дағдыларын қалыптастыру, икемділік және ойлау қабілеттері артады.

    Сабақтың кезеңдері

    Іс-әрекеттер мен қолданылатын әдіс-тәсілдер

     

    Мұғалімнің іс-әрекеті

     

    Оқушының іс-әрекеті

    Ұйымдастыру кезеңі

     

    а) «Шаттық шеңберін» құру

    ә) топқа бөлу

    Сәлемдесу. Шаттық шеңберін құруға оқушыларды ортаға шақыру

    Түрлі-түсті асықтарды   таңдауды ұсынады.

    Шаттық шеңберін құрады. Бір-біріне тілек айтады. «Алғырлар» және «Тапқырлар», «Ойшылдар» тобына бөлінеді.

     

    Үй тапсырмасы

     

     

    Сөзжұмбақ шешу

    Сөзжұмбақты ұсыну

    Сөзжұмбақты шешеді қорғайды.

    Сұрақ-жауап

    Сөзжұмбақтағы түйін сөздердің мағанасын  ашуда оқушыларға сұрақ қоя отырып, жаңа сабақтың мақсаты мен міндетімен таныстырады.

    Денелер дегеніміз не?

    Дене неден құралады?

    Заттардың қандай күйлері бар?       

    Атом дегеніміз не?

    Молекула дегеніміз не?

    Сұрақтарға жауап береді, өз пікірлерін білдіреді. Мысалдар келтіреді.

     

     

    Жаңа сабақ

     

    Диффузия дегеніміз — деп бір заттағы молекулалардың екінші заттардың молекулаларымен араласуын айтады. Мысалы, иіс суды ауаға таратайық,  ауада иіс пайда болды. Яғни молекулалар үнемі қозғалыста болып тұрады және ол бірдей таралады. Бұл молекулалар қозғалысының бір қасиеті.   Біз бүгінгі сабақта  диффузия құбылысының орындалу барысын  тәжірибе жүзінде жасап, молекулардың қасиеттерін анықтаймыз. Ол үшін 3 топқа арнайы нұсқаулықпен тәжірибе жасауды ұсынамын. 

     

    Тәжірибелік тапсырмалар

    І топ

    Ас содасы мен ас сірке суының араласуы.

    Стаканның үштен біріне су құямыз, бірнеше тамшы  ас сіркесуын (уксус) тамызамыз. Шай қасықтың төрттен біріндей ас содасын қосамыз.

    ІІ топ

    2 стаканның біреуінде ыстық, екіншісінде суық су. Екеуіне бірдей шай пакеттерін саламыз. Не байқадық? Қандай қорытынды шығарамыз?

    ІІІ топ

    Ішінде суы бар ыдысқа бірнеше тамшы сия құйып, араластырыңдар. Не байқадық? Қандай қорытынды шығарамыз?  

    Тәжірибелік тапсырмалар бойынша алынған нәтижелерді талқылады, қорытындылайды. 

    Ой қозғау

     Балалар бүгінгі сабағымызда жасалған тәжірибелер қандай заттардың арасында жүргізілді деп ойлайсыңдар?

    Қай күйде молекулар қозғалысы  жылдамырақ жүрді деп ойлайсыңдар?

     Заттың үшінші күйі не деп аталады?        

    Заттар қандай жағдайда бір күйден екінші күйге ауысады?

    Қатты денелерде молекулалардың қозғалысын қалай байқаймыз.

    Ол үшін төмендегі тәжірибелік жұмысты жасайық. 

    Қызыл түсті ылғал матаны ақ түсті матамен араластырайық.  Бірнеше минут күтеміз.

    Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

    Сергіту сәті

    Осы уақытта «Молекулалар қозғалысы» ойынын ұйымдастыру

    Оқушылар «Молекулалар қозғалысы» ойынын ойнайды. Музыка ырғағына қарай жеке, жұптық топтасып билейді.

    Бекіту

    Қорытындылау

    Қатты денелердегі  молекула қозғалысы бойынша оқушылардың пікірін сұрау, тыңдау

    Қатты денелер арасында болатын молекулалар қозғалысы туралы жасалған тәжірибелер мен ойын туралы өз пікірлерін топта талқылайды, айтады.

    Сөйлемді  жалғастыр

    Молекула – ол…

    Молекула неден…

    Әр заттың  молекуласы…

    Диффузия ол…

    Қатты денелердегі диффузия

    Сұйықтарда дифуззия газдарға қарағанда

    Сөйлемді жалғасытыр карточкасы бойынша жұмыс жасайды. Дәптерге жазады.

     

    Рефлексия

     

    Кері байланыс

     

    Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін, өз тобына және қарсы топқа баға беруді жазуды ұсыну.

    Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазу

    Бағалау

     

    Оқыту мен оқуды бағалау

    Сабаққа және оқушыларға өз бағасын беру

     

    Үй тапсырмасы

     

     

    §18 оқу

    Диффузияның өмірдегі  қолданыста байқалуы (эссе жазу).

     


    Физикалық дене.Физикалык өлшемдер 5 класс

    5 ә класс 20.01.2016ж

    Ашық сабақ

    Тақырыбы: Физикалық дене.Физикалық өлшемдер.

    Мақсаты:

    Оқушыларға физикалық дене,зат,физикалық өлшемдер туралы оқушылардың білімін қалыптастыру. Өз бетімен білім алуға, ізденімпаздыққа, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрете

    отырып, ой-өрісін дамыту.Пәнге деген қызығушылықты арттыру.

    Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

    Сабақтың әдісі: Географиялық диктант, сәйкестендіру,СТО,БББ кестесі.

    Ұйымдастыру кезеңі:

    Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

    Үй жұмысы

    1 тапсырма

    Жердің ауа қабаты — ____________________

    Сәйкестендір

    Ауа –газдардың қосындысы:

    Азот 21%

    Оттегі 1%

    Инертті газдар 0,03

    Көміртегі 78%

    2 тапсырма

    20км биіктікте О_______ қ_________ орналасқан

    Сәйкестендір

    Атмосфераның қабаттары

    Тропосфера 50км

    Стратосфера 11км

    Мезосфера 480км

    Термосфера 80км

    3 тапсырма

    Сәйкестендір

    Белгілі бір жердегі тәуілік ішінде болатын тропосфераның жағдайы ________ _____ деп аталады.

    Ауа райының қандай құбылыстарын кездестірдіңдер Мыс: жел ….,

    Жаңа сабақ

    Табиғатта заттар қандай күйде кездеседі?

    Физикалық дене дегеніміз не?

    Топпен жұмыс.Постер қорғау

    1 топ

    Физикалық дене дегеніміз – Бізді қоршаған заттар. Оларға: Машина, үй,жиһаз,ойыншықтар, ұлғайтқыш құрал, ағаш және т.б Дене заттардан құралған. Оттегі, алтын, су, ауа –бұлар зат

    2 топ

    Әлемде не бар болса, соның бәрі материя деп аталады. Мыс: материяға өсімдіктер мен жануарлар, Ай мен Күн, жұлдыздар мен ғаламшарлар жатады.Адамды қоршап тұрған әлем өте алуан түрлі. Мыс: Күн, ғаламшарлар олардың серіктері,астероидтар,құйрықты жұлдыздар барлығы денелерге жатады.

    3 топ

    Белгілі шаманы өлшеу – бір білікпен алынған біртекті шама көлемін анықтау. Мыс:үстел ұзындығын өлшеу.

    Ұзындық, қашықтық және биіктік үшін – метр

    массаны-килограмм

    Уақыт үшін – секунд.

    Тонна, грамм, миллиграмм сияқты өлшем бірліктері бар.

    Постерді бағалау.Бас бармақ арқылы

    Қорытындылау.

    1)Кесте толтыру

    2)Топтастыру

    3)Сәйкестендіру

    Кері байланыс

    БББ кестесі

    Бағалау.

    Бағдаршам арқылы бағалау.

    Үй жұмысы

    Жұмыс дәптері.

    Физикалық дене.

    Бұрынғы кездегі өлшемдер.

    №3 Қарауылкелді орта мектебі

    Ашық сабақ

    Физикалық дене.Физикалық өлшемдер

    Мәуешова Әзиза Айбердіқызы

    5 «ә» кл жаратылыстану

    2015-2016 оқу жылы

    №3 Қарауылкелді орта мектебі

    «Тәуелсіздік қасиетті ұлы ұғым

    Елің азат,ғажап сенің ғұмырың…»

    (кластан тыс шара)

    Мәуешова Әзиза Айбердіқызы

    5 «а» класс

    2015-2016 оқу жылы

    №3 Қарауылкелді орта мектебі

    «Ел болашағы – білімді ұрпақ»

    (Ашық тәрбие сағаты)

    Мәуешова Әзиза Айбердіқызы

    7 «ә» класс

    2015-2016 оқу жылы

    Leave a comment